ТОО Ai-Nur балабақшасы
Астана қаласы, Е 36, 5 үй
Байланысу
Кеңес алу
Балабақша туралы
Жеке балабақша Ай-Нұр 2026 жылдың ақпан айында Астана қаласында өз жұмысын бастады. Балабақша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қызмет көрсетеді.
Біздің басты мақсатымыз — балаларға сапалы мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру, олардың зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларын дамыту, сондай-ақ мектепке дайындау.
Балабақшада балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына, қауіпсіздігіне және жайлы ортада тәрбиеленуіне ерекше көңіл бөлінеді.
Aй-Нұр— сапалы білім, саналы тәрбие және бақытты балалық шақ мекені!
Оқыту мен тәрбиелеуді
ұйымдастыру
Ұйымдастырылған іс-әрекеттер ойын түрінде өткізіледі.
Жаңалықтар мен іс-шаралар
Жоспарға сәйкес іс-шаралар уақытылы ұйымдастырылып отырады.
«Алтын күз» күзгі балға арналған мерекелік ертеңгіліктер өткізілді.
Мерекелік шара барысында тәрбиеленушілер ән айтып, би билеп, тақырыптық ойындар мен байқауларға қатысты. Іс-шаралар балалардың шығармашылық қабілеттерін, музыкалық есту қабілетін, әртістік шеберлігін және ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Күзгі ертеңгіліктер көтеріңкі көңіл күйде өтіп, балаларға қуаныш пен жарқын әсер сыйлады.
Тәрбиешілерді мадақтау
«Ай-Нұр» балабақшасының тәрбиешілері Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметкерлерінің күніне орай Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенгазыұлы Сенгазиевтің атынан берілген мадақтамалармен марапатталды.
Марапаттар педагогтардың кәсіби шеберлігі, адал еңбегі және мектепке дейінгі білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін табысталды.
«Ай-Нұр» балабақшасының ұжымы әріптестерін марапаттарымен құттықтап, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілейді!
«Ай-Нұр» балабақшасында тәрбиеленушілер арасында күзгі қолөнер бұйымдары байқауы ұйымдастырылды.
Балалар ата-аналарымен бірге табиғи материалдар, күзгі жапырақтар, көкөністер және басқа да материалдарды пайдаланып, шығармашылық жұмыстар дайындады.
Байқау тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін, қиялын және эстетикалық талғамын дамытуға, сондай-ақ балабақша мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Барлық қатысушылар белсенділік танытып, мазмұнды әрі ерекше жұмыстар ұсынды.
Серікбаева Карина Алмасовна
Балабақша басшысы
Серікбаева Карина Алмасовна жоғары педагогикалық білімге ие. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетін үздік дипломмен тәмамдаған.
Еңбек жолын мемлекеттік мектепте бастап, үш жыл бойы мұғалім болып жұмыс істеген. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында төрт жылдық тәжірибесі, дамыту орталығының басшысы лауазымында бір жылдық және балабақша директоры лауазымында бір жылдық жұмыс тәжірибесі бар.
Кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында біліктілікті арттыру курстарынан, соның ішінде балаларды тәрбиелеу мен оқытуға бағытталған ізгі педагогика бойынша курстардан өткен. Бұл бағыт баланың жеке тұлғасын құрметтеуге, оның қабілеттерін дамытуға және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға негізделген.
Білім беру процесін ұйымдастыру, білім беру ұйымының қызметін басқару, педагогикалық ұжыммен және тәрбиеленушілердің ата-аналарымен тиімді қарым-қатынас орнату бағыттарында тәжірибесі мол.
Кәсіби қызметінде балалардың жан-жақты дамуына, қауіпсіз әрі мейірімді орта қалыптастыруға, әр баланың жеке тұлғасына құрметпен қарауға және тәрбие-білім беру процесінде ізгі педагогика қағидаттарын қолдануға ерекше көңіл бөледі.
Басты кәсіби ұстанымы — әр баланың өзін қауіпсіз әрі маңызды сезінуіне, өзіне деген сенімін нығайтуына және жеке әлеуетін толық ашуына жағдай жасау.
Балабақшамыздағы үйірмелер
  • Ағылшын тілі
  • Хореография
  • Роботехника
Құжаттар
Құжат
Скачать ↓
Құжат
Скачать ↓
Құжат
Скачать ↓
Байланыс
Мекен-жайы Е, 36 дом 5
Байланыс телефондары 87072325000
Электрондық пошта ai-nur.b@mail.ru
Жұмыс режимі 8.00-19.00
Made on
Tilda